Израиль «Хезболла» нысандарына соққы берді

Израиль әскері Бейруттағы «Хезболла» ұйымының әскери нысандарына тағы соққы жасайды. Бұл туралы армияның ресми өкілдері хабарлады.

Әскери операция аясында шекара маңындағы елді мекендер де нысанаға алынуы мүмкін. Жақын аудандардың тұрғындарына алдын ала эвакуация туралы ескерту жасалған. Израиль Ливанның оңтүстігінде қауіпсіздік аймағын құрып, Литани өзеніне дейінгі аумақты бақылауда ұстауды көздейтінін мәлімдеп отыр. Ливан тарапы бұл әрекетті елдің егемендігіне «қол сұғу» деп бағалады. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қақтығыс басталғалы бері 1300-ден астам адам қаза тауып, 4 мыңнан астамы жарақат алған.