ЕО жаңа салық жүйесін талқылап жатыр

Еуропалық одақтың 5 елі энергетикалық компанияларға жоғары табыс салығын енгізуді талқылап жатыр.

Германия, Италия, Испания, Португалия мен Австрияның Қаржы министрлері осындай бастама көтерді. Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты жанармайдың қымбаттауынан түскен табыстан алым алынбақ. Шенеуніктер корпорациялар Одақ елдеріне түскен ауыртпалықты теңдей бөлісуі керек деп есептейді. Энергетика жөніндегі еурокомиссар Дан Йоргенсеннің мәлімдеуінше, АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы шабуылы кезінде Еуроодақтың жанармай импортына жұмсаған шығыны 14 млрд еуроға жеткен. "Кәрі құрлықтағы" газ бағасы 70%-ға, ал мұнай бағасы 60%-ға өсті.