Пәкістанда тасқыннан 45 адам опат болды
Пәкістанда толассыз жауған жауынның соңы алапат тасқынға ұласып, 45 адам опат болды. Тағы 105 тұрғын жараланды. Ахуал әсіресе ХайбЕр-ПахтунхвА провинциясында қиын.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша 440 тұрғын үй бүлінді. Соның 60-ы толықтай қираған. Ал, синоптиктер 6-ы мен 9-сәуір аралындағы тағы жауын-шашын болады деп ескертіп, тұрғындарды қауіпсіз аймақтарға көшуге шақырды.