Иран ядролық нысанға шабуылды қатаң айыптады
Тегеран АҚШ пен Израильдің ауыр су өндіретін қондырғыларға шабуылдарын ғылымға және адамзаттың ілгерілеуіне қарсы қылмыс деп атады. Бұл туралы Иранның Атом энергиясы ұйымы мәлімдеді.
Сондай--ақ ұйым өкілдері соққыларға қарамастан Ислам Республикасындағы ғылыми даму тоқтамайтынын атап өтті. Наурыз айының соңында Израиль шабуылы салдарынан Иранның Хондаб қаласындағы ауыр су өндіру зауыты зақымданып, істен шыққан еді. Зардап шеккендер мен радиациялық ағулар болған жоқ. Ресми түрде зерттеу реакторы медициналық зерттеулер үшін плутоний өндіруге арналған.