Artemis II Айдың жер көрінбейтін жағына барады
NASA-ның Айға бет алған ғарышкерлері «Жерден ең алыс ұшқан экипаж» атануы мүмкін.
«Артемиc II» миссиясы 407 мыңдай шақырымды бағындыруға ниетті. Бұған дейінгі рекорд Аполло-13 миссиясына тиесілі. Сондай-ақ астронавтар Айдың арғы бетін көреді. Бұл – тарихи оқиға. Өйткені Айдың өз осінен айналу уақыты Жердікімен бірдей. Сондықтан адамзатқа бұл аспан денесінің арғы беті көрінбейді. «Артемиc II» экипажының мүшелері Айға аяқ баспайды, бірақ бұл келесі миссияның қонуына мүмкіндік жасайды», - дейді НАСА ғалымдары.