Чехияда жанармай қымбаттады

Чехияда жанармай қымбаттады. ČTK агенттігінің дерегі бойынша бензин бағасы бір айда 30 пайызға өсіп, литріне 2 долларға дейін жетті. Бұл біздің ақшаға шаққанда шамамен 940 теңге.

Сондай-ақ ЕуроОдақтағы орташа бағадан әлдеқайда жоғары. Қазір биліктегілер бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін жанармай бекеттерінде тексеріс бастады. Сарапшылар: "Бензин бағасын дереу жөнге келтірмесе, экономика баяулап, дағдарысқа ұласуы мүмкін, - деп отыр.