АҚШ 13 мыңнан аса нысанға соққы жасады
АҚШ Иран аумағында 13 мыңнан астам нысанға соққы жасаған. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы мәлімдеді.
Ақпарға сәйкес, бомбаланған нысандардың ішінде 155 кеме мен теңіз техникасы бар. Пентагон өкілдері шабуылдардың қарқыны алдағы уақытта күшеюі мүмкін деп отыр. Айта кетейік, бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қойған ультиматум мерзімі аяқталады. Бұған дейін ол талаптар орындалмаса, өңірдегі негізгі инфрақұрылымдарға соққы күшейтілетінін ескерткен.