The Tіmes: М. Хаменеи ауыр халде жатыр
Иранның жаңа рухани көшбасшысы Моджтаба Хаменеи ауыр халде жатыр. The Times газеті осылай деп хабарлады.
Басылымның жазуынша, 56 жастағы саясаткер мемлекетті басқаруға қауқарсыз және Құм қаласында ем алып жатыр. «Мәлімет АҚШ пен Израильдің барлау деректері негізінде дайындалған дипломатиялық меморандумда келтірілген», - дейді басылым. Бұған дейін Моджтаба Хаменеидің соғыстың алғашқы күндерінде жараланғаны айтылған болатын. Ал кувейттік «Аль-Джарида» басылымы ол наурыз айының ортасында Мәскеуге әскери ұшақпен жеткізіліп, ота жасалған деп жазған. Алайда Иран тарапы бұл ақпаратты ресми растамаған.