Бірқатар елде жанармай тапшылығы бірнеше айға созылады
Ормуз бұғазы ашылғанның өзінде әуе жанармайын жеткізу ісін қалпына келтіруге әлі бірнеше ай қажет болады.
«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Әуе көлігі халықаралық қауымдастығының басшысы мәлімдеді. Өйткені Таяу Шығыста қираған мұнай өндіру нысандарын жөндеуге көп уақыт керек. Әсіресе тапшылық Үндістан, Оңтүстік Корея, Африка және Еуропа елдерінің әуе компанияларында байқалады. «Кәрі құрлықтағы» сұраныстың 30 пайызға жуығы Парсы шығанағынан келетін импорт есебінен өтеліп келген еді.