Израиль шабуылынан 254 адам қаза тапты

АҚШ пен Иран арасындағы оқ атпау режимі басталған бетте Израиль Ливанды бомбалады. Елдің оңтүстігі, астанасы Бейрут пен Бекаа жазығына шабуыл жасалған. Соққылардан қаза тапқандар саны 254 адамға жетті. Мыңға жуығы жараланған. 

Бұл туралы Ливанның азаматтық қорғаныс өкілдеріне сілтеме жасаған "Рейтер" агенттігі мәлімдеді. Бірнеше сағат ішінде 50 ұшақпен бомба тастаған Израиль "Біз "Хезболла" қозғалысының жүзден астам басқару орталығы мен әскери базасын нысанаға алдық" дейді. Осының алдында АҚШ президенті 2 апталық бейбіт бітімнің Ливанға қатысы жоқ деген болатын.