Германия Иранмен дипломатиялық байланысты жандандырмақ
Германия Иранмен үзіліп қалған байланысты қайта жаңғыртып жатыр. Неміс канцлері Фридрих Мерц: «Тегеран мен Вашингтонның өзара бітімге келуі дипломатияға жол ашты», - дейді.
Оның айтуынша, қарым-қатынасты қалпына келтіру ісі әлі де қыл үстінде тұр. Өйткені Иран Израильдің Ливанды атқылауын тоқтатуды үзілді-кесілді талап етіп отыр. Осы тұрғыда Германия еуропалық елдермен арада көпір болуды және Ормуз бұғазында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосуды жоспарлауда.