АҚШ-та инфляция үдеп барады
АҚШ-та инфляция қарқыны баяулайтын емес. Тұтыну бағалары жылдық есеппен 3,3%-ға өсті.
Елдің Еңбек статистикасы бюросының мәліметтеріне сүйенсек, бұл – кейінгі екі жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Құрама Штаттардың экономикасына отынның қымбаттауы салмақ салып отыр. Ормуз бұғазындағы іркіліске байланысты елде жанармай құны бір айда 20%-ға артқан. Сондай-ақ инфляцияның жеделдеуіне азық-түлік, киім-кешек және медициналық қызметтерге жұмсалатын шығындардың көбеюі де әсер етті.