Иракта жаңа президент сайланды
Иракта жаңа президент сайланды. «Күрдістан патриоттар одағының» атынан түскен үміткер Низар Амиди жеңіске жетті. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады.
Саясаткер депутаттардың 227 дауысына ие болып, қарсыластарынан оқ бойы озып шықты. Саяси додаға барлығы 18 үміткер қатысты. Амиди 2 жыл бойы Қоршаған орта министрі, сонымен қатар Ирактың бірнеше президентінің кеңесшісі болған. Ол осы елдің алтыншы мемлекет басшысы атанып отыр. Иракта президентті парламент сайлайды.