Азия қор нарығы құлдырады
Әлемдегі геосаяси ахуал Азия қор нарығын да шайқалтты. Мәселен, Жапониядағы жетекші компаниялардың әл-ауқатын көрсететін «Никкей 225» индексі алғашқы сағаттарда-ақ 1,1 пайызға арзандады.
Ал Оңтүстік Кореяның «Коспиі» 2 пайызға төмендеді. Ормуз бұғазы арқылы өтетін мұнайдың 90 пайызы Азия елдеріне тасымалданады. Сондықтан президент Трамптың стратегиялық су жолын бұғаттау туралы шешімі аймақтағы инвесторлар арасында дүрбелең туғызды. Сарапшылар бұл жаһандық сауданың тұралауына әкеледі деп ескертеді.