Гаитиде мереке тойлауға жиналғандар бірін-бірі таптап өлтірді

Гаитиде ұлттық мерекені тойлауға жиналғандар бір-бірін таптап, 25 адам мерт болды. Associated Press агентігінің мәліметі бойынша тағы 30 тұрғын жараланды.

Қайғылы жағдай ЛаферьЕр қамалының жанында болған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, ұйымдастырушылар мұнда кіріп-шығу жағын мүлде ойластырмаған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Ондаған адам жоғалып кетті. Қазір іздеу жұмыстары жүріп жатыр.