Германияда ұшқыштар ереуіл жариялады
Германияда Lufthansa әуе компаниясының ұшқыштары 48 сағаттық наразылық шарасын бастады. Deutsche Welle хабарлауынша, оған Eurowings лоукостері қосылған.
Бұл жыл басынан бергі төртінші ереуіл. Ұшқыштар зейнетақы көлемін 2 есе арттыруды және еңбек жағдайын жақсартуды бірнеше рет талап еткен. Алайда компания басшылығы бұл шарттарды орындай алмайтындығын мәлімдеген. Тіпті наразы топқа зейнетақы бағдарламасын жетілдірудің басқа жолдары ұсынылмаған. Ереуілдер Майндағы Франкфурт және Мюнхен сияқты ірі әуежайларды да қамтып үлгерді. Ондаған рейс кейінге шегерілген. Жолаушыларға ақпаратты үнемі тексеріп отыру ескертіліп жатыр.