АҚШ-та Израиль-Ливан келіссөзі өтеді
Бүгін АҚШ-та Израиль-Ливан келіссөзі өтеді. Басқосу астана уақытымен кешкі сағат 08:30-ға белгіленіп отыр. Кездесуге Америка мемлекеттік хатшысы Марко Рубио қатысады.
Израильдік делегаттарды саясаткер Йехиэль Лейтер, ал Ливан өкілдерін саясаткер Нада Хамаде Моавад бастап барады. Негізгі мақсат - Ливанның оңтүстігіндегі қарулы қақтығысты тоқтату. Келіссөзге санаулы уақыт қалғанда Израиль Хезболлаға шабуылды үдете түсті. Қазір Бинт-Джебейль қаласында қиян-кескі ұрыс жүріп жатыр. Associated Press агенттігінің дерегі бойынша, Ливанда 2 мыңнан аса адамның өмірі қиылды. Тағы 6 жарым мыңы жараланды. Әрбір бесінші тұрғын үйін тастап, босқынға айналған. «Хезболла» жетекшісі Наим Касем Ливан үкіметін бұл кездесуден бас тартуға шақырды. Ал Израиль: "Ливан халқын «Хезболладан» азат ету үшін күрес жүргізіп жатырмыз,- деп мәлімдеді.