Еуропада мұнайдың баррелі 150 долларға өсті
Бұл туралы «Рейтер» хабарлаған. Ормуз бұғазының жабылуы логистикалық қиындықтар тудырып, қара алтын тапшылығына әкелді.
АҚШ Иранға бағыт алған танкерлерді тоқтатамыз деп мәлімдеуі де жағдайды ушықтырып отыр. Бренттің фьючерстері бірден 6 пайызға көтерілді. Мамандар: «Энергия ресурстарының жетіспеушілігіне байланысты сатып алушылар мұнайды кез келген жоғары бағада алуға дайын», - дейді.