Ормуз бұғазын ашу бойынша саммит өтеді
Лондон мен Париж Ормуз бұғазын ашу бойынша шұғыл саммит өткізуге дайындалып жатыр. Осы аптаға жоспарланған басқосуға 40-тан астам елдің өкілі қатысады.
Онда бұғаздағы кеме қатынасын қайта жандандыру жайы талқыланбақ. Тиісті шаралар қорғаныстық сипатта болады және ол шиеленіс бәсеңдегеннен кейін жүзеге асады. Үкімет басшыларының бірі кеме қатынасындағы іркілістер жаһандық экономикаға кері әсерін тигізіп жатқанын айтып, тасымалды тез арада қалпына келтірудің маңызын атап өтті.
Сонымен қатар тараптар дипломатиялық жолмен ұзақ мерзімді бітімге келу қажеттігін және бейбітшілік орнатуға өз үлестерін қосуға бейіл екенін мәлімдеді.