АҚШ Иранға уран байытуды 20 жылға тоқтатуды ұсынды

Бұл туралы өз дереккөздеріне сілтеме жасаған New York Times басылымы жазды. Тегеран: «Бұл мерзім 5 жылға дейін қысқартылса», - дейді. Алайда Президент Трамп бұған келіспей отыр. 

Сондай-ақ Ислам Республикасы байытылған уранды өз аумағынан шығаруға қарсы. «Мұның орнына шикізатты сұйытылған күйінде сақтайық», - дейді. Бұл ядролық қару жасау мүмкіндігін жояды деп отыр.

Сондай-ақ басылымның дерегі бойынша, таяуда АҚШ пен Иран арасында тағы келіссөз өтуі мүмкін.