Түркияда мектепте оқ атылды
Түркияда жас жігіт мектеп-лицейде оқ жаудырып, 16 адамды жарақаттап, өзіне қол жұмсады. Қайғылы оқиға Шанлыурфа провинциясындағы Сиверек ауданында болған.
Шабуылшы мектептің 19 жастағы бұрынғы оқушысы болып шықты. Қолына аңшы мылтығын ұстап алған. «Рейтердің» хабарлауынша, жаралағандардың арасында 4 мұғалім, 10 оқушы, 1 полиция және 1 асхана қызметкері бар. Шабуыл басталған бетте мектепке полиция жіберілген. Әзірге оқ ату ату себебі белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.