Иран шабуыл салдарынан $270 млрд шығынға батты

Иранға АҚШ пен Израиль жасаған соққылардан 270 млрд доллар шығын келді. Бұл туралы Ислам республикасының үкіметі мәлімдеді.

Бұл бастапқы есеп. Түпкілікті мәлімет кейін ұсынылады. Билік қираған ғиматтарды толығымен тексеріп, өнеркәсіп орындары жұмысының тоқтауынан туындаған бюджет шығынын егжей-тегжейлі есептеп шығарады. Тегеран қарсыластарынан шығынды ақшамен қайтаруды талап етіп жатыр. Сонымен қатар Иран Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн мен Иорданиядан да АҚШ пен Израиль күштерін қолдағаны үшін өтемақы сұрап отыр.