Кабул сусыз қалуы мүмкін
Ауғанстан астанасы 5 жылдан кейін мүлде сусыз қалуы мүмкін. Жағдайдың ушығуына климаттың өзгеруі, халық санының өсуі және тіршілік нәрін тиімсіз пайдалану себеп.
Қазір шаһардағы ұңғымалардың жартысына жуығы кеуіп кеткен. Жерасты суларының деңгейі кейінігі он жылда 25-30 метрге төмендеген. «Төрт жылдан кейін толық сарқылу қаупі бар», - дейді мамандар.