АҚШ Тынық мұхитында тағы соққы жасады
АҚШ Тынық мұхитының шығыс бөлігінде тағы бір қайыққа соққы жасады. Шабуыл кезінде 3 адам қаза тапты.
Бұл туралы Құрама Штаттар Қарулы күштерінің Оңтүстік қолбасшылығы хабарлады. Америкалық барлау қызметі аталған қайық заңсыз есірткі тасыған дейді. Ресми Вашингтон бұл операция Латын Америкасындағы есірткі саудасымен күрес аясында жүзеге асты деп мәлімдеді.