Д.Трамп: Иран АҚШ-қа уран беруге келісті

Иран АҚШ-қа байытылған уран қорын беруге келісті. Бұл туралы АҚШ Президенті Дональд Трамп мәлімдеді. Алайда Иран бұған қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

The Washington Post басылымының дерегіне сүйенсек, Ақ үй әкімшілігі «Уранның мол қоры Америка Құрама Штаттарының қауіпсіздігіне қатер төндіреді» деген пікірде. Өйткені ол ядролық қару жасау үшін пайдаланылуы мүмкін. Ал ресми деректерге сүйенсек, қазір Иран аумағында 441 келіге жуық байытылған уран бар. Трамп оқ атпау туралы шешімді қабылдамас бұрын Иран аумағына басып кіріп, радиоактивті құрылғыларды Иранның келісімінсіз алып шығу үшін өте қауіпті әрі күрделі рейд жоспарын әзірлеуді талап еткен.