Германия Ормуздағы миссияға қатысуға дайын
Германия Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мина іздеуші кемелерімен барлау ұшақтарын жіберуге дайын.
Бұл бастаманы канцлер Фридрих Мерц Париждегі келіссөздер барысында таныстыруға ниетті. Миссияның міндетіне бұғаздағы миналарды залалсыздандыру жұмыстары кіреді. Қазір елдің қарулы күштерінде сегіз мина іздеуші және жарылғыш заттан тазартуға арналған екі арнайы кеме бар. Алайда Парсы шығанағына жіберілетін күштердің нақты көлемі әзірге белгісіз.