Индонезияда тікұшақ апатынан сегіз адам опат болды
Қаза тапқандардың алтауы – жолаушы, екеуі – экипаж мүшесі. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Airbus H130 тікұшағы Мелави ауданындағы плантациядан ұшып шыққан, бірер минут өткен соң байланыс үзілген. Кейін құтқарушылар апат орнынан тікұшақ сынықтарын тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.