Ливандағы шабуыл кезінде бітімгер қаза тапты
Ливанда Біріккен ұлттар ұйымының патруліне жасалған шабуыл кезінде француз бітімгері қаза тапты. Тағы үш әскери қызметкер жараланды.
Бұл туралы Франция президенті Эмманюэль Макрон хабарлады. Оның айтуынша, шабуылға «Хезболла» тобы жауапты. Сондықтан Бейруттан оқиғаға қатысы бар азаматтарды дереу ұстап, жауапқа тартуды талап етті. Сондай-ақ Біріккен ұлттар ұйымы бұл әрекетті қатаң айыптап, тараптарды халықаралық құқықты сақтауға шақырды. Ұйым бөлімшесі Гандурия елді мекеніндегі жолды минадан тазартумен айналысқан. Қайғылы оқиға Ливан мен Израиль арасындағы атысты тоқтату режимі күшіне енгеннен кейін бір күн өткен соң болды. Ал «Хезболла» өзіне тағылған айыпты негізсіз деп атады.