Еуроодақ бітімгер қазасын айыптады
Еуроодақ Ливанда қаза тапқан франциялық бітімгердің өлімін айыптады.
Еуропалық Одақтың ішкі саясат қызметі: «Біріккен Ұлттар ұйымының қарамағандағы қызметкерге қастандық жасау халықаралық құқыққа деген құрметсіздік» деп мәлімдеді. Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүргізуді талап етті. Бірер күн бұрын Ливанның оңтүстігіне жасалған шабуылдар кезінде сержант Флориан Монторио қаза тапқан болатын. Тағы 3 сарбаз ауыр жарақат алды. Франция президенті «Хезболла» жауапкершілікті өз мойнына алсын деп отыр. Алайда ливандық топ тағылған айыпты мойындаудан бас тартты.