Әлемде электр қуатына сұраныс 3%-ға артты

Әлемде электр қуатына сұраныс 3 пайызға артты. Бұл туралы Халықаралық энергетика агенттігінің жылдық есебінде айтылған.

Ең жоғары көрсеткіш АҚШ-та тіркелді. Сарапшылар электр энергиясына сұраныстың өсуін электрмобильдердің кеңінен таралуымен байланыстырады. Бұдан бөлек, жасанды интеллект мен дата-орталықтар жоғары қарқында дамып жатыр. Бірақ сонда да өнеркәсіп, коммерциялық ғимараттар мен тұрмыстық техниканың электр қуатын тұтынуы өте жоғары.