Жапонияға цунами қаупі төніп тұр

Жапонияда 7,5 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы Тынық мұхитының 10 шақырымға жуық терең табанында болған.

Бұл туралы Жапонияның Метеорология агенттігі хабарлады. Жерасты дүмпулерін елдің солтүстік-шығысындағы тұрғындар сезінген. Билік цунами қаупін жариялады. Осыған байланысты жағаға жақын аудандардағы адамдар шұғыл көшірілген. Иватэ, Аомори мен Хоккайдода толқындардың биіктігі 3 метрге жетеді деген ескерту таратылды. Премьер-министр Санаэ Такаичи жедел штаб құруды тапсырып, халықты қауіпті аймақтардан тез арада кетуге шақырған.