АҚШ-та Иранмен соғысқа қарсы шыққан шерушілер қамалды
АҚШ-та Иран соғысына қарсы шыққан соғыс ардагерлері мен Таяу Шығыстағы қарулы қақтығысқа жіберілген сарбаздардың отбасы мүшелері қамауға алынды.
Наразылық акциясын коалициялық топ ұйымдастырған. Оған 150 белсенді қатысты. Ереуілшілер Конгрестен президент Дональд Трамп бастаған соғысты тоқтатуды талап етті. Алайда шерушілердің жартысына жуығын Капитолий полициясы қолын қайырып алып кетті. Сақшылар жас-кәрі, ер-әйел дегенге қараған жоқ.
Кристина Сарсон, соғыс ардагері:
- Майдангер ретінде соғысқа қарсымын. Қарулы қақтығыс сарбаздарымыздың да, бейбіт азаматтардың да өмірін қияды. Соғыс салдарынан алынған жарақат көптеген адамның өмірін тозаққа айналдырады. Ирак пен Ауғанстандағы соғыстарды алайық, 1 ай деп алып, бірнеше айға, бірнеше жылға созылды емес пе?! Осы жолы да Ирактағы соғыс кезінде айтылған уәде мен ақталу айтылып жатыр.