Израиль Иранға шабуыл жасауға дайын тұр
Израиль Иранға қайта шабуылдауға әзір.
Ол үшін АҚШ-тың бұйрығын күтіп отыр. Елдің қорғаныс министрі Исраэль Кац осылай деп мәлімдеді. Қарауылға ілігетін нысандар да белгілі. Айтуынша, Израиль негізгі энергетикалық және экономикалық инфрақұрылымды атқылайды.
Исраэль Кац, Израильдің Қорғаныс министрі:
- Шабуыл қайта басталғанда мүлде жаңа сипатқа ие болады. Ең осал жерлерге жойқын соққылар жасалады. Иран режимін қырғынға ұшыратып, түп тамырымен жоямыз.