Кувейт әуе кеңістігін ашты
Ол АҚШ пен Израиль Иранға қарсы операциясын бастаған кезде жабылған болатын. Бұл туралы елдің Азаматтық авиация басқармасы хабарлады.
Аймақтағы жағдай ушыққан бетте қауіпсіздікті сақтау мақстында шектеулер енгізілген еді. Иран мен оған қарасты топтар Кувейт әуежайының бірнеше нысанын атқылап, зиян келтірді. Қайта ашу туралы шешім инфрақұрылымның жай-күйі мен жалпы жағдайға тексеріс жүргізілгеннен кейін қабылданған. Жұмыс толық көлемде жақын күндері жанданбақ. Жергілікті әуе компаниялары осы жексенбі рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр.