АҚШ теңіз блокадасын кеңейтуге ниетті

Парсы шығанағына екінші ұшақ тасығыш кеме жеткен соң, Ормуз бұғазының блокадасы кеңейтіледі.

Осыдан соң бұғаздағы бірде-бір кеме америкалық әскерилердің рұқсатынсыз өте алмайды. Пентагон басшысы Пит Хегсет осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, стратегиялық маңызы бар су жолында Иранның мина орнатуға бағытталған кез келген әрекеті атысты тоқтату режимін бұзу ретінде бағаланады. Құрама штаттар Иранға тиесілі кеме қатынасын шектеуді 13 сәуірде бастаған еді. Содан бері Вашингтон аймаққа 30-дан аса әскери кеме орналастырған.