Әлемдік нарықта мұнай бағасы қайта көтерілді
Ал мұнай бағасы қайта өсім көрсетті. Бұған АҚШ-тың Иранға қарасы Кешм аралына жасаған соққысы себеп, деп хабарлайды «24KZ».
Бүгін халықаралық тауар биржаларында Брент маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 105 долларға, ал америкалық WTI баррелі 97 долларға саудаланып жатыр. Бұған дейін қара алтын бір күнде 6 пайыздан астам арзандаған еді. Ол кезде инвесторлар Иран мен Қатар өкілдері арасындағы келіссөздер қақтығыстың аяқталуына ықпал етеді деп үміттенген. Енді жағдайдың жақын арада реттелуіне деген сенім әлсірей түсті. Сарапшылар: «Алдағы уақытта баға одан әрі қымбаттауы мүмкін», - деп отыр.