Д. Трамп қатысқан кешкі аста атыс болды

АҚШ-та Ақ үй жанындағы Тілшілер қауымдастығының жыл сайынғы кешкі асы кезінде атыс болды.

Қауіпсіздікке байланысты Washington Hilton қонақүйіндегі шараға келген АҚШ президенті Дональд Трамп пен зайыбы Мелания Трамп және әкімшіліктің өзге де жоғары лауазымды өкілдері шұғыл түрде эвакуацияланды.

Америкалық баспалар зал ішінде бірнеше рет оқ атылғанын жазып жатыр. Қонақтар абдырап, үстелдердің астына тығылған. Қазір күдікті ұсталды. CNN мәліметінше, шабуыл жасаған – Калифорниядан келген 30 жастағы ер адам. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.