М. Джексонның қолғабы аукционға қойылды

Әйгілі әнші Майкл Джексонның сахналық ақ қолғабы аукционға қойылды. Бастапқы бағасы – 50 мың доллар. Алайда 100 мыңға дейін көтерілуі мүмкін.

Өйткені әншінің дәл осындай тастармен безендірілген қолғаптары көп емес. «Сондықтан сатылымдарға сирек шығарылады», - дейді мамандар. Калифорнияда өтіп жатқан аукцион 30 сәуірде аяқталады.