Н. Мадуро Венесуэла қаржысына адвокат жалдайды

АҚШ Николас Мадуро мен оның зайыбына адвокат жалдау үшін Венесуэланың мемлекеттік қаржысын пайдалануға рұқсат берді. Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлады. 

Бұған дейін Құрама Штаттардың билігі санкциялық режимді алға тартып, адвокаттарға қаражат бөлуге тыйым салған. Алайда сот мұндай жағдайда әділ тергеу жүргізу қиындап, құқ тапталуы мүмкін екенін мәлімдеді. Жыл басында Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуро мен зайыбын Каракаста тұтқындаған еді. Оларға халықаралық есірткі саудасына қатысы бар деген айып тағылды. Қазір АҚШ-та сот жүріп жатыр.