Мажарстанда жанармай 15 күнге жетеді

Мажарстанда жанармай қоры 15 күнге ғана жетуі мүмкін. Бұл туралы елдің тәуелсіз жанармай құю бекеттері қауымдастығы мәлімдеді.

Таяу Шығыстағы қақтығыстан кейін жергілікті бірнеше бензин құю бекеттері жұмысын тоқтатты. Жағдайды тұрақтандыру үшін үкімет мұнай өнімдерінің бағасына шектеу енгізген еді. Енді сарапшылар нарықтағы ахуал тек жылдың аяғында оңалуы мүмкін деп отыр.