Еуропада әуе билеттері 20%-ға қымбаттайды
Еуропада ұшақ билеттері 20 пайыз қымбаттайды. Мұны Ирландияның Ryanair әуе компаниясының басшысы Майкл Кевин О’Лири мәлімдеді.
Жағдайға жанармай бағасының өсуі, салықтың көбеюі және рейс санының қысқаруы себеп дейді.
Сарапшылардың болжамына қарағанда, алдағы жылы әуе қатынасының құны әлем бойынша қымбаттауы мүмкін. Өйткені авиациялық отын бағасы екі есеге жуық өскен. Қазір оның баррелі 206 доллардан саудаланып жатыр.