Ирандағы мұнай құбырлары жарылып кетуі мүмкін
Иранның мұнай құбырлары істен шығуға жақын.
АҚШ президенті Дональд Трамп осындай ескерту жасады. Ақ үй басшысының сөзіне қарағанда, елде мұнайды тасымалдау мен сақтау мүмкіндігі азайып, құбырлар бітелуге таяған. Тасымал тоқтаса, құбыр бойына қысым жиналып, үш күн ішінде жарылуы мүмкін. Трамп сондай-ақ Иран мұнай инфрақұрылымының жартысына жуығынан айырылса, оны қайта қалпына келтіру қиын болатынын айтты.