«Хезболла» Израильмен келіссөзден бас тартты

«Хезболла» Израильмен тікелей келіссөз жоспарланды деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы The Times of Israel агенттігі хабарлады.

Қозғалыс басшысы Наим Кассем: «Ливан билігі ұлттық мүдде мәселесінде кері шегінсе, Бейрутта тұрақсыздық болады», - деп ескертті. Ол тікелей емес келіссөздерге оралу керек деген. Кассем «Хезболла» қаруын тастауға келіспейтінін және күресті жалғастыратынын мәлімдеді. Кейінгі апталарда Ливан мен Израиль өкілдері АҚШ-тың араағайындығымен Вашингтонда бірнеше мәрте кездесу өткізген болатын. Соңғы басқосуда оқ атпау рекжимін тағы үш аптаға ұзарту туралы шешім қабылданған еді. Десе де тараптар бір-біріне әлі соққы жасап жатыр.