АҚШ-та жойқын торнадо соқты

АҚШ-тың Техас штатының солтүстігінде жойқын торнадо соғып, екі адам опат болды.

Желдің екпіні сағатына 200-ден астам шақырымға жеткен. Ранавей-Бей қаласында 20-дан аса үй жермен-жексен болып, тағы жүздеген баспана қирады. Құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр. Алайда қирандылар мен құлаған ағаштардың кесірінен көптеген ауданға жету мүмкін болмай тұр. Ондаған мың тұрғын жарықсыз қалды.