Д. Трампқа оқ атқан күдіктіге айып тағылды
Президент Дональд Трампқа оқ атқан күдікті өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін.
АҚШ Әділет министрінің міндетін атқарушы Тодд Бланштың айтуынша, күдіктіге 3 бірдей айып тағылды. Ең ауыры - Құрама Штаттар Президентіне қастандық. Сондай-ақ қару тасымалдау және зорлық-зомбылық кезінде қару қолдану. Коул Томас Аллен алдын ала жоспар құрған. Президент Трамп баратын қонақүйге 2 күн бұрын жайғасқан. Ақ үй жанындағы Тілшілер қауымдастығының кешкі асы жыл сайын осы қонақ үйде өтетін. Күдікті 2024 жылы "Айдың үздік мұғалімі" марапатын алған адам. Сондай-ақ Камала Харристің президенттік науқанына атсалысқаны белгілі болды. Қылмыстық іске қатысты алғашқы сот отырысы 30 сәуірге белгіленіп отыр.