Иран болат экспортын уақытша тоқтатты
Шектеу 30 мамырға дейін енгізілді. Рейтер агенттігінің мәліметі бойынша Ислам Республикасының бұл саласы АҚШ пен Израиль шабуылына ұшыраған.
Жергілікті басылымдардың дерегіне қарағанда, өндірістің 30 пайызы істен шықты. Болат – Иранның мұнайдан кейінгі негізгі табыс көзі саналады. Сарапшылар бұл жағдай Ислам Республикасында жаппай қысқарту мен инфляцияның өршуіне әкелуі мүмкін деп топшылайды.