Қытай жанармай экспортын жандандыруы мүмкін

Қытайдың ірі мемлекеттік компаниялары биліктен мамырда жанармай мен дизель экспортына рұқсат беруді сұрап отыр.

Елде артық отын жиналып қалған. Таяу Шығыстағы соғыс басталған соң энергетика өнімдерін сыртқа шығаруға шектеу қойылған болатын. "Блумбергтің" ((Bloomberg)) хабарлауынша, Қытайда электр көлігіне сұраныс көбейгендіктен, жанармай мен дизель артылып қалып жатыр. Ал бұларға әлемде сұраныс өте жоғары. Қытай аймақтағы ең ірі мұнай импорттаушы ел. Бейжің экспортты шектеген соң Вьетнам мен Филиппин жанармай тапшылығына тап болған еді.