Әлем Таяу Шығыстағы қақтығыс кесірінен аз астық жинауы мүмкін

Таяу Шығыстағы қақтығыстан туындаған тыңайтқыш тапшылығы алдағы жылы мол астық алуға кері әсер етуі мүмкін.

Бұл туралы "Рейтер" агенттігі хабарлады. Шаруалар астық бағасы күрт арзандап, шығындарымызды жаба алмай қаламыз деп алаңдап отыр. Олар егіс алқаптарын қысқартып жатыр. Әсіресе қазір азот тыңайтқыштары тапшы. Қақтығыс басталғаннан бері 2 миллион тонна тыңайтқыш жойылды. Тағы миллион тоннасы Парсы шығанағында бұғатталып қалды. Күкірт пен аммиакты да жеткізу қиындады.