Нарықта мұнай бағасы тағы көтерілді
Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты әлемдік нарықта мұнай қымбаттай түсті, деп хабарлайды 24KZ.
Brent маркалы қара алтынның баррелі 115 доллардан асты. Ал америкалық WTI 101 доллар шамасында саудаланып жатыр. Қара алтын бағасының өсуіне Сауд Арабиясындағы ірі мұнай өңдеу зауытына хуситтер шабуыл жасады деген хабар түрткі болды. Алайда корольдік билігі бұл ақпаратты әзірге растаған жоқ. Сарапшылар аймақтағы қақтығыс мұнай тасымалына кедергі келтіруі мүмкін деп қауіптенеді. Иран төңірегіндегі жағдай да қауіпті күшейтіп отыр.