АҚШ сенаты Кубаны қорғай алмайды
АҚШ-тың Демократиялық партиясы Дональд Трамптың Кубаға соғыс ашуына тосқауыл қоя алмады.
Сенат демократтары Ақ үй басшысы «Бостандық аралына» қарсы қандай да бір әскери іс-қимылдарды бастамас бұрын әуелі Конгресстің рұқсатын алуды ұсынған еді. Алайда республикашылдардың басым бөлігі бұл резолюцияға қарсы дауыс берді. Бұған дейін Трамп Ираннан кейін Куба мәселесімен айналысатынын бірнеше мәрте айтқан еді.